Өңірлер

Мұнайлы ауданында екі адамды атып өлтірді – видео

Полиция екі күдіктіні ұстады, қалғандарын ұстау шаралары қабылданды
Sputnik

АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Маңғыстау облысында екі адамды атып кетті. Бұл туралы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Танымал әншіні атып кетті: әртіс жансақтау бөлімінде жатыр

Қанды оқиға 14 қаңтар күні Мұнайлы ауданында болды. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, ауруханаға оқ жарақатын алған екі адам жеткізіліп, есін жимай қайтыс болғаны туралы қоңырау Мұнайлы ауданының кезекші бөліміне шамамен сағат 20:10-да түскен, деп жазды lada.kz. 

"Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (қасақана кісі өлтіру) бойынша Ақтау қаласында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Екі күдікті ұсталды, қалған қатысушылар анықталды, оларды ұстау шаралары қабылданды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Алдын ала тергеу жүргізілуде", — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Маңғыстау облыстық ауруханасының науқастарды қабылдау бөлмесіне сағат 20:10-да екі мәйіт жеткізілді, олардың жүрегі тоқтағанын анықтау мүмкін болмағандықтан, дәрігерлер дереу қайта жан бітіруге тырысты. Өкінішке қарай, оларды құтқара алмады", — деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұған дейін желіде ес-түзсіз жатқан екі адамның ауруханаға жеткізілгені жайлы видео тараған болатын.