АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Маңғыстау облысында екі адамды атып кетті. Бұл туралы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Қанды оқиға 14 қаңтар күні Мұнайлы ауданында болды. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, ауруханаға оқ жарақатын алған екі адам жеткізіліп, есін жимай қайтыс болғаны туралы қоңырау Мұнайлы ауданының кезекші бөліміне шамамен сағат 20:10-да түскен, деп жазды lada.kz.
"Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (қасақана кісі өлтіру) бойынша Ақтау қаласында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Екі күдікті ұсталды, қалған қатысушылар анықталды, оларды ұстау шаралары қабылданды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Алдын ала тергеу жүргізілуде", — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Маңғыстау облыстық ауруханасының науқастарды қабылдау бөлмесіне сағат 20:10-да екі мәйіт жеткізілді, олардың жүрегі тоқтағанын анықтау мүмкін болмағандықтан, дәрігерлер дереу қайта жан бітіруге тырысты. Өкінішке қарай, оларды құтқара алмады", — деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Вице-министр Қарағандыдағы қанды оқиғаға не себеп болғанын мәлімдеді
Бұған дейін желіде ес-түзсіз жатқан екі адамның ауруханаға жеткізілгені жайлы видео тараған болатын.