АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Астаналық судья Қанат Тобағалиұлы кез келген адам әлеуметтік желіде өз пікірін білдіруге құқылы екенін, бұл үшін ешкім оны соттамайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін №2 Есіл аудандық сотында соттың өткен жылы атқарған жұмысы қорытындыланды. Брифинг кезінде елордалық судья Қанат Тобағалиұлы әлеуметтік желілерде жала жабу бойынша қаралған бір істі мысалға келтірді. Астанадағы белгілі фирма Facebook желісінде жала жапты деп бір адамның үстінен шағымданған.
"Сот кезінде "жала жапты" делінген адам Facebook-те жеке пікірін білдіргені ғана анықталды. Желідегі жазбаның астына өз пікірін жазып қалдырған. Ал аталған фирма оның жазбасын "жала жабу" сипатына ие деп, сотқа берді. Алайда сот әлгі адамның жазбасынан әдейі жала жабу әрекетін байқамады. Сондықтан біз оны ақтап шықтық", — деді ол.
Тобағалиұлы Қазақстан азат, демократиялық ел екенін, кез келген азамат өз пікірін білдіруге құқылы екенін атап өтті.
"Бұл үшін ешкім сізді соттамайды", — деді судья.
- Құрылысшы жігіттің биі желіні шулатты — видео
- Әкесі байқамай теріс киіндірген қыз желіде жұлдыз болды
- 2018 жылы желіні "жарған" видеолар