Өңірлер

Қазақстанның үш облысында дабылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірде бұрқасындатып, қатты жел соғады, көктайғақ болады
Sputnik

АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. "Қазгидромет" РМК республиканың үш облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

"Күн жылынады": 12-14 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды
Бүгін Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін барады. 

Оралда оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 18 м/с  дейін күшейеді, бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжанып отыр. 

14 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде – бұрқасын, жел (15-20 м/с).  Сондай-ақ, ертең Астанада таңертең және күндіз оңтүстіктен соққан желдің екпіні 18 м/с дейін барады. 

14 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай қаласында – бұрқасын, жел (15-20 м/с).