АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. "Қазгидромет" РМК республиканың үш облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін барады.
Оралда оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 18 м/с дейін күшейеді, бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжанып отыр.
14 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде – бұрқасын, жел (15-20 м/с). Сондай-ақ, ертең Астанада таңертең және күндіз оңтүстіктен соққан желдің екпіні 18 м/с дейін барады.
14 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай қаласында – бұрқасын, жел (15-20 м/с).