Өңірлер

Атырау – Орал трассасында жантүршігерлік жол апаты болды

Жол апаты салдарынан 32 жастағы жүргізуші көз жұмды
Sputnik

АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Атырау – Орал тас жолында екі жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды "Мой город" порталы. 

Қостанайдағы жантүршігерлік жол апаты: екі адам ажал құшты, балалар әл үстінде - видео
Қайғылы жол апаты 12 қаңтар күні Атырау – Орал тас жолының 8 шақырымында болған. "Лада" мен "ВАЗ" маркалы көліктері соқтығысқан. 

"Апат салдарынан 32 жастағы жүргізуші мерт болды. Тағы бес адам ауруханаға түсті", — деп мәлімдеді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Қазіргі таңда ҚР ҚК 345-бабы "Көлік басқарған адамдардың жол қозғалысы  немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.