Қоғам

Жол ережесін бұзған астаналыққа 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Астанада жол-көлік оқиғаларының саны 15%-ға, жолдардағы өлім-жітім екі есе азайды
Sputnik

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Астана жолдарында жүрген 30 жүргізушіге миллиондаған теңге айыппұл салынған. Оларды полиция іздеп жатыр. Айыппұлдардың жалпы сомасы 106 858 960 теңгені құрады.

"Астана Innovations" АҚ баспасөз қызметінінің мәліметінше, ең көп айыппұл – 6 225 405 теңге. Ол Kia Rio және Škoda маркалы екі автокөлікке бір нөмірмен жүрген жүргізушіде. 

Мал сойғанын хабарламағандарға да айыппұл салынуы мүмкін

"Астанада өткен жылдың сәуір айынан бастап Полиция департаменті "Борышкер"жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді. Іс-шаралар шеңберінде Астана аумағында, сондай-ақ барлық "Рубеж" бекеттерінде көлік ағынын бақылаудың автоматты жүйесін, электрондық планшеттерді және "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, әкімшілік айыппұл бойынша борышкерлер анықталды. Жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде базада жоқ, жалған немесе шетелдік нөмірлер мен жалған мекен-жай көрсетілген 800-ге жуық жүргізуші тоқтатылды", — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда қалалық Полиция департаменті жалған немесе шетелдік нөмірлермен жүретін және өзін жазасыз сезінетін тәртіп бұзушыларды анықтауда, деп хабарлады Елорда Инфо.

Астанада өткізілген кешенді іс-шаралардың арқасында жол-көлік оқиғаларының саны 15%-ға, ЖКО-да жараланғандардың саны 16%-ға азайды және жолдардағы өлім-жітім екі есе азайды (48 %).