Өңірлер

Мал сойғанын хабарламағандарға да айыппұл салынуы мүмкін

© Sputnik / Вадим Брайдов / Медиабанкке өтуҚой
Қой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заңға сәйкес, ветеринарлар жаңадан сатып алынған малды, олардың төлін тіркеп отыруы тиіс

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жеке қожалығындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге, жаңадан сатып алынған жануарларды, алынған төлдерді ветеринариялық мамандарға хабарлауға міндетті. Бұл туралы Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы хабарлады. 

Қайыршы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мәжіліс депутаты қайыршыларға ақша беретін адамдарға айыппұл салуды ұсынды

Ал бірдейлендіру үшін сол аумақта орналасқан ветеринариялық бекеттердегі мамандарға өтініш беру қажет.

Ветеринариялық дәрігерлер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ветеринариялық паспорт беру жұмыстарын тегін жүргізеді, деп жазды otyrar.kz.

"Қораңыздағы төрт түлік малыңызды бірдейлендірмеген жағдайда және жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төл, олардың сойылғаны туралы хабарламағаны үшін мал иесін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Заңының 406-бабына сәйкес жауапкершілікке тарту көзделгенін назарларыңызға жеткіземіз", — деп хабарлады мамандар. 

 

Жаңалықтар
0