АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. "Қазгидромет" РМК республиканың үш облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің ақпаратынша, ертең Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с дейін барады.
Шымкент пен Түркістан қалаларында да күндіз жел күшейеді.
Сондай-ақ, 10 қаңтарда Маңғыстау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр.
Актау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Ал 10-12 қаңтар күндері Қызылорда облысының кейбір аймағында – тұман, көктайғақ. 10-11 қаңтарда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.