Қоғам

"Қатты жел мен көктайғақ" Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуҚатты жел, архивтегі сурет
Қатты жел, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы күндері бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді деп болжануда

АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. "Қазгидромет" РМК республиканың үш облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

аяз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
37 градус аяз: Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды
Синоптиктердің ақпаратынша, ертең Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с дейін барады. 

Шымкент пен Түркістан қалаларында да күндіз жел күшейеді. 

Сондай-ақ, 10 қаңтарда Маңғыстау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр. 

Актау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Ал 10-12 қаңтар күндері Қызылорда облысының кейбір аймағында – тұман, көктайғақ.  10-11 қаңтарда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Жаңалықтар
0