АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Алматы қаласының полиция департамендегілер жол-көлік оқиғасына кінәлі Toyota Land Cruiser 200 жүргізушісі болған экс-қызметкерлеріне қатысты пікір білдірді.
Оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде жүргізуші көлігінің салонында жол полициясы қызметкерінің жилеті мен камера тізімі жазылған құжаттар болғанын жазды. Департамент баспасөз қызметіндегілер старшина Ибраимовтың өткен жылдың 12 желтоқсанына дейін әкімшілік полиция басқармасының процестік орталығында техник болып жұмыс істегінін айтты. ол ішкі істер органдарынан баянат негізінде жұмыстан шығарылған.
"Алматы қалалық полицияның тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 345-бап 2-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") қарастырылған қылмыс белгілеріне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Іс аясында қажетті барлық сараптама мен процестік әрекет тағайындалып, әрі қарай заңға сәйкес кінәлі азаматқа қатысты шара қолданылады", — деді полициядағылар.
Тағы оқыңыз: Алматыда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Сондай-ақ, полициядағылар көлік салонынан табылған желеттің сатылымда бар екенін және оған кез келген адамның қол жеткізе алатынын айтып өтті.