Қоғам

Нәрестенің аузын пластырьмен жапқан: полиция тексеріс жүргізіп жатыр

Алдын ала мәліметтер бойынша, нәрестенің аузын науқастардың бірі жапқан
Sputnik

АСТАНА, 6 қаңтар — Sputnik. Ингушетияда полиция белгісіз әйелдің нәрестенің аузын жабысқақ пластырьмен жапқаны туралы видеоға қатысты ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды республикалық ІІМ-ге сілтеме жасап.

Сәбидің денесінен 16 ине табылды – Өзбекстанда болған оқиға
Автор аурухана палатасында науқастың нәрестенің аузын пластырьмен жапқан сәтін видеоға түсіріп алған. Бұл кезде дәрігерлер немесе нәрестенің ата-анасы палатада болмаған. Сондай-ақ, автор видеоның республикалық клиникалық перинаталды орталықта түсірілгенін айтады.

"Ингушетия полициясының қызметкерлері аталған фактіге сәйкес, тергеуге дейінгі тексеріс жұмыстарын бастады. Оның аясында нәрестенің қауіпсіздігі үшін кімдердің жауапты екені анықталып, тиісті шаралар қабылданбақ", — деді өңірдегі ІІМ-дегілер.

Алдын ала болжам бойынша, нәрестенің аузын ауруханада жатқан науқастардың бірі жапқан. Яғни ол өз кінәсін мойындаған.