Спорт

"GGG-ді пайдаланғысы келді": Головкин промоутерімен неге қош айтысуы мүмкін?

Желіде Геннадий Головкиннің Том Леффлермен шартын не үшін бұзуы мүмкін екені туралы түрлі пікірлер айтылып жатыр
Sputnik

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Шетелдік бокс сүйер қауым Twitter желісінде бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлермен серіктестігін тоқтатуы мүмкін деген хабарға қатысты пікірлерін білдіріп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

"Бұрынғы беделін қайтара ала ма?" Головкин - "Канело" үшінші жекпе-жегіне болжам жасалды

Желі қолданушылары бұл жайындағы ойы қарама-қайшы болып шықты. Біреулер "Леффлер боксты түсінбейді", "Леффлермен серіктестігі үшін Головкин мұрасынан айырылуы мүмкін", "Головкин Леффлермен бірге жұлдыз бола алмайды", "Баяғыда басқа промоутерге кетуі керек еді" деп қуанышын жасырмады.

"Леффлер GGG-ді, Golden Boy "Канелоны" пайдаланатындай пайдаланғысы келді — оның беделі арқылы жекпе-жектер күнін белгілеп отыр", — дейді қолдаушылардың бірі.

Дегенмен Геннадийдің Том Леффлермен қош айтысына сенгісі келмей өкініп жатқандар да табылды.

"Том Леффлер Головкинге әрқашан адал болды, оны мультимиллионерге айналдырды. Сонымен бірге мансабын аяқтамаса, өкінішті", — дейді қолданушылардың бірі.

Бұдан бөлек, Головкин енді Эдди Хирнмен бірге жұмыс істесе деген тілек айтылыпты.