Спорт

"Бұрынғы беделін қайтара ала ма?" Головкин - "Канело" үшінші жекпе-жегіне болжам жасалды

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsГоловкин - Альварес
Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің үшінші жекпе-жегі ресми түрде жарияланбаса да, түрлі басылымдар болжам жасап жатыр

АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. The Mirror газеті қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин жанкүйерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

"Канеломен" жұдырықтасқанға дейін Головкин 37-ге толады. Қазір қарқыны төмендеп, мансабы аяқталайын деп қалды. Көпшілік 2019 жылы қос боксшы кездессе, төрешілердің бәрі "Канелоның" жағына шығады деп сенеді. Головкин кезінде өзгелердің зәре-құтын қашыратын күшін қайтара ала ма?"—  деп жазады басылым.

Естеріңізге сала кетсек, "Канело"— GGG алғашқы жекпе-жегі тең аяқталып, дау тудырса, екінші жолы төрешілердің шешімімен мексикалық боксшының мерейі үстем болған еді.

Жаңалықтар
0