АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. Отшашу жасамақшы болған 30 жастағы ақтөбелік ауруханаға түсіп қалды.
Ер адам 1 қаңтар түнде отшашу жасау үшін балконға шығады. Осы сәтте отшашу күтпеген жерден ер адамның қолында тұрып жарылып кетеді, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.
"Сағат 00:21-де хабар келіп түсті. Жедел жәрдем 9 минут ішінде келіп жетті. Ер адам жедел жәрдем ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілді. Ол қатты қорқып қалған. Шынтағы мен білегіне дейінгі аралық жарақаттанып, дәрігерлер оның сол жақ білегінің саусағын кесті", — деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Сондай-ақ, жаңа жыл түні 383 ақтөбеліктің жедел жәрдем шақырғаны белгілі болды.