Оқиға

Отшашу жасамақшы болған ақтөбелік саусағынан айырылды

© Sputnik / Николай Хижняк / Медиабанкке өтуОтшашу
Отшашу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отшашу жасамақшы болған ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді

АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. Отшашу жасамақшы болған 30 жастағы ақтөбелік ауруханаға түсіп қалды.

Жаңа туған нәресте - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Лимузин, отшашу, ұлан-асыр той: елімізде сәбиді перзентханадан қалай шығарып алады?
Ер адам 1 қаңтар түнде отшашу жасау үшін балконға шығады. Осы сәтте отшашу күтпеген жерден ер адамның қолында тұрып жарылып кетеді, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.

"Сағат 00:21-де хабар келіп түсті. Жедел жәрдем 9 минут ішінде келіп жетті. Ер адам жедел жәрдем ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілді. Ол қатты қорқып қалған. Шынтағы мен білегіне дейінгі аралық жарақаттанып, дәрігерлер оның сол жақ білегінің саусағын кесті", — деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Сондай-ақ, жаңа жыл түні 383 ақтөбеліктің жедел жәрдем шақырғаны белгілі болды.

Жаңалықтар
0