Спорт

Boxingscene.com Головкиннің тағы кімнен жеңілетініне болжам жасады

Басылым бұл болжамның Головкин үшін жаңалық емес екенін жазды
Sputnik

АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. Танымал басылым бокс әлеміне қатысты жаңа жылға арналған болжамын бөлісті, деп хабарлайды .

"Бұрынғы беделін қайтара ала ма?" Головкин - "Канело" үшінші жекпе-жегіне болжам жасалды
Шетелдік басылым қазақстандық спортшыға қатысты да болжамын жариялады. Айтуларынша, ол төрешілердің ортақ шешімімен Джермалл Чарлодан жеңіледі.

"37 жастағы Головкин үшін бұл таңғалдырарлық жаңалық болады деп ойламаймын. Алайда төрешілердің қағазын оқып, Чарлоның қолын көтерген кезде, бұл жүйе үшін күтпеген жағдай болады. Чарло өзі физикалық артықшылықтарын барынша көрсетеді. Ол түрлі соққы жасайды және Головкин оны бір орында ұстап тұра алмайды", — деп жазды басылым.

Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин 2018 жылдың қыркүйек айында кәсіби карьерасында алғаш рет мексикалық боксшы Сауль Альварестен жеңіліс тапты.