АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. The Mirror газеті қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
"Канеломен" жұдырықтасқанға дейін Головкин 37-ге толады. Қазір қарқыны төмендеп, мансабы аяқталайын деп қалды. Көпшілік 2019 жылы қос боксшы кездессе, төрешілердің бәрі "Канелоның" жағына шығады деп сенеді. Головкин кезінде өзгелердің зәре-құтын қашыратын күшін қайтара ала ма?"— деп жазады басылым.
Естеріңізге сала кетсек, "Канело"— GGG алғашқы жекпе-жегі тең аяқталып, дау тудырса, екінші жолы төрешілердің шешімімен мексикалық боксшының мерейі үстем болған еді.