Жаңа жылдан бастап темір тұлпар иелері үшін көлік сақтандыру 10%-ға дейін арзандауы мүмкін.
Осы және басқа да өзгерістер туралы Ranking.kz сарапшылары айтып берді.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік иелеріне "қағаз" сақтандырудың жоқтығы үшін айыппұл салынбайды. Көлік сақтандырылған ба, жоқ па – бірыңғай сақтандыру деректер қорынан білуге болады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 685-бабы бойынша ішкі істер органдары ӘҚБК 230-бабына сәйкес істерді қарауға өкілетті. 230-бап (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) бойынша жеке тұлғаларға 10 АЕК көлемінде (24 050 теңге) айыппұл салынады.
Сақтандыру полисі арзандауы мүмкін
Жаңа жылдан бастап сақтандыру шартын сақтандыру ұйымдарының сайтында жасауға болады. Электронды сақтандыру полисін сатып алу 10%-ға арзан болуы мүмкін.
Заңнамаға сәйкес сақтандыру шартын өзгертуге немесе бұзуға өтініш бере аласыз және сақтандыру жағдайларын онлайн реттеу мүмкіндігі қарастырылған, деп атап өтті сақтандырушылар қауымдастығы.
Көлікті міндетті сақтандыру үшін жүргізушілер 2018 жылдың 11 айдағы қорытындысы бойынша 55,4 миллиард теңге төлеген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 22%-ға көп.
Сақтандыру төлемдері жыл ішінде 8,2%-ға қысқарды — 19,8 миллиард теңге. Ал биыл қараша айына дейін көлік саны 3,5%-ға артқан.
Жаңа жылда 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі — толық мағлұмат