АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде болашақта Қазақстандағы білім саласын қалай елестетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент аталған білім ордаларында ұстаздарға жоғары жалақы төленетінін айтып өтті. Сондай-ақ, ол адамдардың барлығы бірдей талантты бола бермейтініне тоқталды. Яғни бұл мектептерде жұмыс істеп немесе білім алу үшін адам креативті ойлай алып, халықаралық тілдерді еркін меңгеріп алуы тиіс.
"Бізге алған білімін бірден іске бағыттай алатын адамдар керек. Әсіресе, биология, математика, физика, химия және жасанды ақыл саласындағы мамандар тапшы. Оның үстіне бір саладағы білім қиындықты шешу үшін жеткіліксіз. Сол себепті халықаралық стандарттарға сай білім беруді үйренуіміз қажет", — деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Тағы оқыңыз: Елбасы әлемнің қазақты Димаш арқылы танып жатқанын айтты
Назарбаев Қазақстан Америка және Финляндия секілді білім жүйесі озық мемлекеттерден үлгі алуы тиіс екенін айтып өтті.