Қоғам

"Блат, сват деген жоқ". Назарбаев білім саласының болашағын қалай елестетеді?

© Photo : АкордаНазарбаев
Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы білім саласына келгенде Финляндия, Америка секілді мемлекеттерден үлгі алуға шақырды

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде болашақта Қазақстандағы білім саласын қалай елестетінін айтты, деп хабарлайды тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев мен Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев: Қытай қаптап жатқан жоқ, мен осы жерде не қарап отырмын?
"Болашақтағы білімді Назарбаев университеті деңгейінде елестетемін. Өзім жыл сайын түлектерге дипломын табыстаймын. Осы үздіктердің арасындағы бірнеше адам әрі қарай оқуын жалғастыру үшін грант иеленеді. Әдетте америкалықтар мен қытайлықтар ең ақылды балаларды өздеріне оқуға шақырады. Бізде Қазақстанның түкпір-түкпірінен биология, математика, физика және химия саласында талантты балаларды жинап, үш тілде оқытатын 22 зияткерлік мектеп бар. Ол жақта блат, сват деген жоқ. Бәрі біліммен шешіледі", — деді Елбасы.

Президент аталған білім ордаларында ұстаздарға жоғары жалақы төленетінін айтып өтті. Сондай-ақ, ол адамдардың барлығы бірдей талантты бола бермейтініне тоқталды. Яғни бұл мектептерде жұмыс істеп немесе білім алу үшін адам креативті ойлай алып, халықаралық тілдерді еркін меңгеріп алуы тиіс.

"Бізге алған білімін бірден іске бағыттай алатын адамдар керек. Әсіресе, биология, математика, физика, химия және жасанды ақыл саласындағы мамандар тапшы. Оның үстіне бір саладағы білім қиындықты шешу үшін жеткіліксіз. Сол себепті халықаралық стандарттарға сай білім беруді үйренуіміз қажет", — деп түйіндеді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз:

Назарбаев Қазақстан Америка және Финляндия секілді білім жүйесі озық мемлекеттерден үлгі алуы тиіс екенін айтып өтті. 

Жаңалықтар
0