АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Астанада №61 жолаушылар автобусы Шыңғыс Айтматов көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде бойжеткенді қағып кетті.
Жол апаты салдарынан әртүрлі жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілген.
"Айматов көшесіндегі көлік апатына қатысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр. №61 бағдарлы автобусы жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан дене жарақатын алған қыз ауруханаға жеткізілді", — деп хабарлады Астананың полиция департаменті баспасөз қызметі.
Астанада кезекші автобустар жолаушыларды жылытады
Астанада өткен аптада дәл осындай оқиға болған еді. Ол кезде жол апаты 54-ші автобус жүргізушісінің кесірінен болды. Жаяу жүргіншіні қағып кеткен ер адам жұмыстан шеттетілген.
Астана тұрғыны қатты аязда автобус ұлын түсіріп кеткенін айтты