Оқиға

Астанада автобус бойжеткенді қағып кетті

© Sputnik / Владислав ВодневЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккен қыз ауруханаға жатқызылды, полицейлер жол апатына қатысты тергеу жүргізіп жатыр

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Астанада №61 жолаушылар автобусы Шыңғыс Айтматов көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде бойжеткенді қағып кетті.

Полицей - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада мас полицей жол апатын жасады – видео

Жол апаты салдарынан әртүрлі жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілген.

"Айматов көшесіндегі көлік апатына қатысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр. №61 бағдарлы автобусы жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан дене жарақатын алған қыз ауруханаға жеткізілді", — деп хабарлады Астананың полиция департаменті баспасөз қызметі.

Астанада өткен аптада дәл осындай оқиға болған еді. Ол кезде жол апаты 54-ші автобус жүргізушісінің кесірінен болды. Жаяу жүргіншіні қағып кеткен ер адам жұмыстан шеттетілген.

Жаңалықтар
0