Өңірлер

Өскеменде 5-сынып оқушысы сабақ үстінде өзін өлтірмекші болды

Терезеге шығып, секіремін деп елдің зәре-құтын алған оқушыны мұғалім әрең дегенде тоқтатқан
Sputnik

АСТАНА, 24 желтоқсан — Sputnik. Өскеменде 5 сынып оқушысы сабақ үстінде терезеден секіріп кетпек болды.

Мектеп директоры бұған дейін де баланың жүйкесі сыр бергенін айтады. Ол үзіліс уақытында сыныптасымен сөзге келіп қалыпты. Сабақ үстінде терезеге шығып, секіремін деп елдің зәре-құтын алған оқушыны мұғалім әрең дегенде тоқтатқан, деп хабарлады Алтайньюс.  

Оқушы мұғаліміне пышақпен тап беріп, сынып бөлмесін өртеп жіберді

"Ол бізде бірінші сыныптан бері оқиды. Сабағы нашар болса да, тәртіп бұзған емес. Бұл жерде басты түйіткіл бар… Біз оның невропатологта есепте тұрғанын білеміз. Алайда анасы оның диагнозы туралы ештеңе айтпаған" – дейді мектеп директоры.

YK-news сайтының мәліметінше, мектеп психологы бала әңгімелесу кезінде үнемі көзін ала қашып, сөйлескісі келмейтінін айтқан. 

"Одан кейін өз қолын өзі шымшылап қыса бастайды. Әрең қойдыратынмын" – дейді ол.

Ал баланың анасы болса ұлымды осыған жеткізді деп мектептегілерді кінәлады.

"Бәрін бүркемелеп, өтірік айтып отыр. Директор болса, ешқандай шара қолданбады. Енді прокуратураға шағымданамын", – дейді.

Айта кетейік, баланың анасы ішкі істер органдарына арызданып үлгерді.