Спорт

Қазақстанның Олимпиада чемпионы медаль жеңіп алды

Олимпиада чемпионы Нижат Рақымов Олимпиаданың лицензиялық турнирінде 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті
Sputnik

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан Катарда өтіп жатқан турнирде ауыр атлетикадан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы. 

Екі жыл бұрын Рио Олимпиадасында алтын алған Нижат Рақымов 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін лицензиялық жарыста үшінші орын иеленді. 

Нижат Рақымов

Бұдан бөлек, 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы екі "шағын" медаль – жұлқа көтеруден күміс және серпе көтеруден қола алды. Сондай-ақ, серпе көтеруден Айдар Қазов пен Карина Горичева қола медальге қол жеткізді. 

Илья Ильин Катарда өтіп жатқан турнирде жарысқа шықпай қалды
Ауыр атлетикадан біріншілік Дохада 19-23 желтоқсан аралығында өтіп жатыр. Ол тек олимпиадалық салмақ дәрежелері бойында өтуде. Қазақстаннан жарысқа ұлттық құраманың тоғыз спортшысы аттанды. Бұған дейін 61 келіге дейінгі салмақта Игорь Сон күміс жеңіп алған болатын. 

Сенбі жарысқа ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин шығуы тиіс еді. Бірақ маңызды турнир қазақстандық спортшының қатысуынсыз өтті.