Спорт

Илья Ильин Катарда өтіп жатқан турнирде жарысқа шықпай қалды

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуИлья Ильин
Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Илья Ильин жарысқа қатысушылардың ішінде ең ауыр салмаққа тапсырыс берген

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Дохада өтіп жатқан Катар кубогында жарысқа шықпады. 

Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин жарысқа қатысушылардың арасында жұлқа көтеруден ең ауыр салмаққа – 180 келіге тапсырыс берген. Ал серпе көтеруден ол 215 келі сұратқан, мұндай салмаққа тапсырыс тек украиналық спортшы Дмитрий Чумакта болған. 

Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Илья Ильин қазақстандықтарға үндеу жасады - видео
Бірақ қазақстандық ауыр атлетші жарысқа шықпай қалды, себебі әзірге белгісіз, деп хабарлайды Sports.kz.

Айта кетейік, Катардағы турнир Токиода 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алуға мүмкіндік береді. 

қазанда Түрікменстандағы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты. Ол омыртқасындағы жарақатқа байланысты спорттан кетуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. Ол дәрігерлер рұқсат берсе, олимпиада лицензиясы үшін жарысқа түсуін жалғастыратынын айтты. Спортшы Токиоға бару мәселесі 2019 жылы сәуірде өтетін Азия чемпионатында шешілетінін хабарлаған болатын. 

Жаңалықтар
0