Әлем

Газет редакциясының ғимараты маңынан адамның кесілген басы табылды

Мексика әлемде тілшілерге ең жиі қастандық жасалатын елдердің бірі
Sputnik

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Сьюдад-Виктория қаласында Expreso мексикалық басылымының ғимараты маңына адамның кесілген басын тастап кеткен. Бұл туралы Diario Contraste хабарлайды.

Ақтаудағы қанды оқиға: дүкеннен ерлі-зайыптының кескіленген денесі табылды

Қорқынышты қорап ғимараттың көлік тұрағынан табылған. Қасында басылым қызметкерлері мен қаланың басқа тілшілеріне қоқан-лоққы көрсетіп жазылған хат бар екен.

Қазір оқиға орнында полиция мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Қаза тапқан адамның кім екені анықталады.

2012 жылы Expreso газеті ұқсас жайтқа тап болған. Ол кезде біреулер тұрақта тұрған көлікті жарып жіберіпті. 

Жалпы Мексика елі 2018 жылы тілшілерге жасалған қастандық көрсеткіші бойынша алғашқы бестікке енді.