АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Ақтауда жалдамалы дүкендердің бірінен ер мен әйелдің денесі табылды.
Қайғылы оқиға, болжам бойынша, мереке күндері болған. Қаланың 28-ші шағын ауданындағы "Гүлнәр" дүкені жабылған соң, ер адам әйеліне 20 реттен артық пышақ сұғыпты. Содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған, деп жазады "Лада" басылымы.
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіру" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.
Бұдан бұрын Қостанай облысында Затобольск ауылының саяжайларында із-түзсіз жоғалып кеткен 45 жастағы әйелдің денесі табылды. Алматы облысындағы Қаратал өзенінен төрт ай бойы іздеуде болған жасөспірімнің мәйіті табылған.