Оқиға

Ан-2 ұшағы Атырауға қонуға мәжбүр болды

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы тексеріс жүргізіледі
Sputnik

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. "Орлан-2000" әуе компаниясының Ан-2 ұшағы техникалық себептерге байланысты Атырау әуежайына қонды. 

64 жолаушы мінген Air Astana ұшағы шұғыл қонды: не болды?
Шағын авиация ұшағы бүгін сағат 13.34-те әуежайға қонды. Ол Атырау- Ганюшкино бағытында ұшып бара жатқан. 

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл жағдай бойынша тексеріс басталады, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті. 

"Орлан-2000" әуе компаниясының ұшақтары негізінен ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысады. Бұдан бөлек, санитарлық авиация рейстерін орындайтын ұшақтар да бар. 

Айта кетсек, кеше Орал әуежайына Air Astana компаниясының Франкфурт-Атырау бағытындағы ұшағы шұғыл түрде қонды. Ішінде 64 жолаушы мен сегіз экипаж мүшесі болған ұшақтың бір қозғалтқышында ақаулық шыққан.