Оқиға

64 жолаушы мінген Air Astana ұшағы шұғыл қонды: не болды?

© Sputnik / Тимур БатыршинҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Франкфурт-Атырау рейсін орындаушы ұшақтың бортында алпыс төрт жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болған

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Франкфурттан Атырауға ұшып келе жатқан Air Astana әуекомпаниясының ұшағы Орал әуежайына шұғыл қонды.

Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Әлем
Жолаушылар ұшағы бағанаға соғылып қалды

Жұма күні 22.40-та А321neo ұшағы қозғалтқыштарының бірінде ақау барын хабарлаған. 23.22-де ұшақ Орал әуежайына аман-есен қонды.

Бортта 64 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды инвестиция және дамы министрлігі азаматтық авиация комитеті.

Қазір әуекомпаниясы жолаушыларды Оралдың қонақүйлеріне орналастырып жатыр. Бұл дерек бойынша тергеу басталды.

Өткен аптада Bek Air ұшағы техникалық ақауға байланысты Астанадағы әуежайға қайта оралды.

Жаңалықтар
0