Әлем

"Бабла мало, нет мерседесов": президент өткізген жиында шенеуніктің жазғаны желіні шулатты

Желіде шенеуніктің біртүрлі жазбасына қатысты мемдер пайда болды
Sputnik

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенконың қатысуымен болған жиында шенеуніктің жазған конспектісі әлеуметтік желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды.

Жергілікті арна операторы кездейсоқ "бабла мало, нет мерседесов, телки на задне…" деп жазылған мәтінді камераға түсіріп алған. Ал бұл сөздердің авторы кадрдың сыртында қалды.

ОНТ телеарнасында шыққан сюжеттен стоп-кадр

Президент Лукашенко шенеуніктермен жазғы спорт түрлерін дамыту мәселесіне қатысты кездесу өткізді. Sputnik Беларусь БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлағандай, ресми мәліметтер бойынша бұл жиында "мерседес" пен "телка" тақырыбы көтерілмеген.

Ал әлеуметтік желіде бұл жазба дереу көптеген мемге арқау болды. 

pic.twitter.com/SnOKbvuPLI

Жиын барысында Беларусь басшысы "Жеңіліп қалады екенсіңдер…" деп спорт саласындағы шенеуніктерден ІІ Еуропа ойындарында атлеттерден жоғары нәтиже күтетінін ескертті.