Оқиға

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатында жүргізуші ажал құшты - фото

Алматыда көлік апаты салдарынан ер адам көз жұмды
Sputnik

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Алматыда Сүйінбай даңғылы мен Баянауыл көшесі қиылысында жол апаты салдарынан кісі қаза тапты.

Жантүршігерлік жол апатында мойыны үзіліп кеткен әйел тірі қалды

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Renault Сүйінбай даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Жүргізуші Баянауыл көшесіне солға бұрылады.

Сол кезде Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта Mitsubishi Pajero келе жатыпты. Қиылысты екі көлік соқтығысты. Қатты соққыдан Renault тағы 70 метр жүріп өткен.

Pajero оңға қарай ұшып кетіп, бордюрге шығып, билбордқа соғылған соң, тротуармен жүріп өтіп, бағананы бір-ақ қақты.

1 / 3
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды
2 / 3
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды
3 / 3
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

Жол апаты салдарынан Renault рөлінде болған 1960 жылғы ер адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Жол полициясы көлік апатының мән-жайын анықтап жатыр.