АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. АҚШ-тың Сидар-Спрингз қаласында жол апатынан мойыны үзіліп кеткен әйел тірі қалды, деп хабарлайды РИА Новости.
Жол апаты тамыз айында болыпты: Лила Делайнның көлігіне басқа бір авто келіп соғылып, салдарынан әйел адамның омыртқасы бассүйегінен ажырап кетеді.
Дәрігерлердің айтуынша, жол апатына куә болған күйеуі, жанына жүгіріп барып, дұрыс демалуы үшін басын ұстап тұрғанының арқасында Делайн аман қалыпты.
Ауруханаға хирургы — Доктор Чарльз Гибсон айтқандай, басын шауып түсіргендеймен бірдей мұндай ауыр жарақаттан адамның тірі қалуы екіталай.
Петропавлда Азия чемпионын автобус қағып өлтірді
Бастапқыда америкалық әйел сал болып, төсек тартып жатты, бірақ көп ұзамай беті бері қарап, қазір өзі жүріп-тұра алады, жаттығу жасайды.
"Әрі қарай өмірім жасанды тыныс алдыру аппараты және жөргекпен шектеліп, тілдесуден қаламын ба деп қорықтым", — деп мойындайды Делайн.
Жол апатына айыпты жүргізушіні жол ережесін бұзу салдарынан адам денсаулығына ауыр зиян тигізгені үшін айыптап, жергілікті шериф кеңсесіне шағым түсірді.
Алматыдағы жол апаты: кісіні құтқару үшін көлікті кесуге тура келді