Қоғам

Екі рет қайнаған су қатерлі ісікке шалдықтырады

Екі рет қайнаған суда адам ағзасына ең зиянды заттар – күшәла фторидтер, нитраттар түзіледі
Sputnik

АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Құбыр суының құрамында тұздардан бастап минералдарға дейін түрлі қоспалар болады. Қызған кезде олардың химиялық құрамы өзгереді. Осы өзгеріске ұшыраған заттар сіздің ағзаңызға екі рет қайнаған сумен бірге түседі.

Ғалымдар қандай ыдыстың рак тудыратынын анықтады

Суды қаншалықты көп қайнатсаңыз, денсаулыққа соншалықты қауіпті болмақ. Мұндай суда адам ағзасына ең зиянды заттар: күшәла (мышьяк), фторидтер, нитраттар түзіледі! 

Суды бір рет қайнатқанда ол микробтардан тазарады. Бірақ сол суды екі рет (немесе одан да көп) қайнатсаңыз, пайдалы заттар жойылып, қауіпті қоспаларға айналып шыға келеді, деп жазды VICER.RU. 

Қайта қайнаған судағы зиянды заттардың мынадай қаупі бар:

1. Күшәла

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бұл зат денсаулыққа үлкен қатер төндіреді. Күшәла құбыр суына қажетсіз микроорганизмдерді жою үшін қосылады. Ол мынадай ауруларды тудырады: перифериялық невропатия, терінің зақымдануы, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, қант диабеті, жүрек-қан тамыры аурулары, бүйрек аурулары, онкология. 

2. Фтор

Су қайнаған кезде фтор қоспалары фторидтерге айналады. Гарвард профессорлары бірнеше ондаған жыл бойы жүргізген зерттеуге сәйкес, фторидтердің теріс неврологиялық әсері бар және тіпті балалардың психикалық дамуына кері әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ ол әйелдердің бедеулігі қаупін арттырады.

3. Нитраттар

Нитраттар тамақ өнеркәсібінде консервант ретінде онсыз да көп қолданылады. Алайда қызған кезде олардың қаупі әлдеқайда артады. Суды қайнатқанда нитраттар нитрозаминдерге айналады. Салдарынан ішек, өңеш, ұйқы безі, зәр шығару-жыныс жүйесі қатерлі ісігі және лейкемия секілді қауіпті арулар пайда болуы әбден мүмкін.