Әлем

Ғалымдар қандай ыдыстың рак тудыратынын анықтады

CC0 / / ыдыс
ыдыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тамақты күйдірмейтін ыдыстарды пайдаланатын адамдардың қатерлі ісікке шалдығу қаупі зор

АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Тамақты күйдірмейтін ыдыстың құрамындағы заттар адамның ағзасына түскен кезде рак тудыруы мүмкін, деп жазады Daily Mail қоршаған ортаны қорғау туралы вашигтондық агенттіктің баяндамасына сілтеме жасай отырып. 

Сәби - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар қандай тамақтың бала көтеруге кедергі болатынын анықтады

Зерттеу мәліметіне сүйенсек, тамақты күйдірмейтін жабыны бүлінген таба мен кәстрөлді пайдаланған кезде адамның ағзасына перфтороктандық қышқыл түсуі мүмсін. Бұл қышқыш сондай-ақ суға және отқа төзімді материалдардың құрамында бар. 

Ғалымдар перфтороктандық қышқыл уытты болатыны атап өтеді. Оның ағзаға түсуі қатерлі ісік тудыруы, холестерин деңгейінің көтеріліп, иммундық жүйе функциясының төмендеуіне алып келуі мүмкін. 

Ғалымдар әжетхана қағазынан бас тартуға шақырды>>

Жануарларға жүргізілген зертханалық сынақтар бұл заттың бауыр, ұйқы безі және жыныс мүшелері қатерлі ісігінің пайда болуына ықпал ететінін көрсетіп отыр. 

Бұдан бөлек, перфтороктандық қышқыл бедеулікке шалдықтыруы ықтимал. 





Жаңалықтар
0