Әлем

Депутат жұмысқа келмейтін әріптестерінің жалақысын қысқартуды ұсынды

Түстен кейінгі отырыста 10 депутат қана болды, деп мәлімдеді Ирина Карамушкина
Sputnik

АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаты Ирина Карамушкина жұмысқа келмейтін әріптестерінің жалақысын қысқартуды ұсынды.

Сағат 14.00-дегі парламент отырысына 10 депутат қана қатысқан, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

Мәжіліс депутаты ең төменгі жалақы қай өңірде екенін айтты

"Залда екі фракцияның депутаттары жоқ. "Республика — Ата-Жұрт" және "Қырғызстаннан"бір-бір адамнан отыр. Отырысты өткізудің қажеттілігі бар ма? Бұл өзіңді және шақырылған адамдарды құрметтемеу. Одан да жиналысты тоқтатып, келмегендерді бір күндік жалақыдан айырайық", — деді Карамушкина.

Депутат отырысқа қатысушыларды қайта тіркеуді ұсынды. Бұл жолы 74 депутат тіркеліп, отырыс жалғасын тапты.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік депутаттар өз жалақысын қарапайым халықтың табысымен теңестіруді ұсынған болатын.  "Справедливая Россия" партиясының жетекшісі Сергей Миронов пен депутат Олег Нилов Мемлекеттік думаға арнайы заң жобасын енгізді, онда сенаторлар мен депутаттардың еңбекақысын елдегі орташа жалақы — 35 мың рублге дейін қысқарту мәселесі көтерілген.