Өңірлер

Ералы Тоғжанов: Маңғыстауда жылу мен жарық тағы арзандайды

Ералы Тоғжанов облыстағы 671 мың адам үшін тарифтер тағы да арзандайтынын мәлімдеді
Sputnik

АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. Маңғыстау облысы тарифтерді төмендету жобасын алғашқылардың бірі болып қолға алды. Облыс әкімі бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аталған тарифтердің жуырда тағы да арзандайтынын жеткізді. 

Астана тұрғындары қаңтарда жылу үшін көбірек төлейді
"Біріншіден, электр жүйесін тасымалдауға байланысты жарық 26%, өндіруге байланысты 8% арзандады. 671 мың адамды қамтып отырған тарифтерді түсіру — үлкен қадамдардың бірі. Үшіншіден, бір жүйенің бойында бірнеше оператор орналасқан. Осы мәселе қайта қаралып, бүгінде электр тасымалдау 17% арзандады", — деді Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, ол тарифтерді арзандату мәселесі мұнымен тоқтап қалмайтынын жеткізді. Бұл жоба әрі қарай да жалғасын тауып, лифт шаруашылығына қатысты да өзгерістер болмақ.

Тағы оқыңыз:

"ТрансГазАймақ бізге тасымалдайтын газды 10%-ға дейін арзандатады, су, жылу және жарықтың бағасы тағы да төмендейді. Сонымен қатар, лифт те арзандайды деп отырмыз", — деді облыс әкім.

Сөз соңында Ералы Тоғжанов аталған өзгерістердің нақты қай уақыттан бастап жүзеге асырылатынын 15 желтоқсанға дейін хабарлайтынын жеткізді.