АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. Маңғыстау облысы тарифтерді төмендету жобасын алғашқылардың бірі болып қолға алды. Облыс әкімі бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аталған тарифтердің жуырда тағы да арзандайтынын жеткізді.
Сондай-ақ, ол тарифтерді арзандату мәселесі мұнымен тоқтап қалмайтынын жеткізді. Бұл жоба әрі қарай да жалғасын тауып, лифт шаруашылығына қатысты да өзгерістер болмақ.
Тағы оқыңыз: Көкшетауда жылу беруші кәсіпорын халық есебінен пайда көрген
"ТрансГазАймақ бізге тасымалдайтын газды 10%-ға дейін арзандатады, су, жылу және жарықтың бағасы тағы да төмендейді. Сонымен қатар, лифт те арзандайды деп отырмыз", — деді облыс әкім.
Сөз соңында Ералы Тоғжанов аталған өзгерістердің нақты қай уақыттан бастап жүзеге асырылатынын 15 желтоқсанға дейін хабарлайтынын жеткізді.