Әлем

Дәрігер ота кезінде науқастан қомақты ақша талап еткен

Яо биліктегілерге шағым түсіргеннен кейін аурухана 41 450 юань өтемақы төледі
Sputnik

АСТАНА, 9 желтоқсан — Sputnik. Қытайда хирург ота ортасында науқастан ақша төлеуді талап етіп, әрі қарай жұмысын жалғастырмай қойған. Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазды.

Жүктілік мерзімін дұрыс анықтамаған дәрігер екі жылға сотталды
Оқиға Ганьсу провинциясының Ланьчжоу қаласында болды. 25 қазан күні науқас Яо Юньнань провинциясынан келіп, дәрігерге тексергені үшін 538 юань төлейді. Дәрігер Яоны отаға жіберіп, кейін процедураның ортасында одан 15,3 мың юань (822 мың теңге) төлеуді талап етеді.

Хирург Яоға лимфа түйіндерінің қабынып тұрғанын және дәл қазір оған ота жасамаса, болашақта денсаулығы нашарлап кетуі мүмкін екенін айтқан.

Яо қатты қорқып қалады. Сондай-ақ, анестезиядан кейін сөз таластыруға күші қалмайды. Осыдан кейін оның жарасын таңып, төменгі қабаттағы кассаға жібереді.

Яо көп ұзамай Ланьчжоу билігіне шағым түсіреді. Сондай-ақ, ол басқа дәрігерлермен кеңесіп, мұндай отаның орташа есеппен 1 500 юань тұратынын анықтайды.

Тағы оқыңыз: 

Аурухана басшылығы ер адамға 41 450 юань көлемінде өтемақы төлеуге келісті.

Басылымның хабарлауынша, мұндай жағдай Қытайда жиі кездеседі. Себебі, жекеменшік медициналық орталықтарды көп ешкім бақылай бермейді. Осының салдарынан науқастар процедура үшін бірнеше еселеп ақша төлеуге мәжбүр болады.