Қоғам

Жүктілік мерзімін дұрыс анықтамаған дәрігер екі жылға сотталды

Жазылу
Дәрігер жазасын бес жылдан кейін өтейді. Ол екі жылға бас бостандығынан айырылды

ҚЫЗЫЛОРДА, 29 қараша — Sputnik. Байқоңыр қаласында сәбидің өліміне себепші болған гинеколог дәрігердің ісі қаралып, оған үкім шықты.

Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс материалдарына сәйкес, акушер-гинеколог маман ретінде өзінің кәсіби жұмысын дұрыс жасамағаны үшін жаңа туған сәби шетінеп кеткен.

Жүкті әйел - Sputnik Қазақстан
Әлем
Жүкті әйелді қабылдаудан бас тартқан дәрігер ауруханаға түсті
Медициналық жағдайды екі топ сарапшы тексерді. Олардың барлығы да бірауыздан дәрігердің жүктілік мерзімін дұрыс анықтамағанын, осының салдарынан шақалақтың шетінеп кеткенін айтты.

"Емдеуші дәрігер әйелдің жүктілік мерзімін дұрыс анықтамаған", — деді сот сарапшысы.

Дәрігерді бас бостандығынан айырылды.

"Сот әйелді ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлігі бойынша (Медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы — Sputnik) кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады", — делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, үкімде әйелдің екі жыл бойы акушер-гинеколог болып жұмыс істей алмайтыны туралы жазылған. Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігінің негізінде, әйелдің жазасын өтеу мерзімі бес жылға кейінге қалдырылды.

Жаңалықтар
0