Экономика

Қазақстанда кино билеттері қымбаттады

Жалпы жыл басынан бері мәдениет, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызметтер 5,2 пайызға қымбаттаған
Sputnik

АСТАНА, 3 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда кино билеттері қымбаттаған. Орташа баға 1224 теңге шамасында болып отыр. 

Ресей Айға ұшуға билет ұсынады: бағасы қанша
Еліміздегі ең қымбат билеттер Атырау қаласында сатылады. Ranking.kz деректеріне сүйенсек, мұндағы билеттердің орташа құны 1749 теңгені құрайды, деп хабарлайды 24.kz

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға жоғары. Астана мен Көкшетауда да билет құны қымбат. Дегенмен, Астанада баға сәл төмендеген.Ал Қарағанды мен Оралда киноны шамамен 970 теңгеге көруге болады.

Жалпы жыл басынан бері мәдениет, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызметтер 5,2 пайызға қымбат бағаланған. Мамандар мұндай көрініс соңғы жылдары қалыпты жағдайға айналғанын айтады.