Әлем

Үйленуге ұсыныс жасамақ болған жігіт сәтсіздікке ұшырады - видео

Полиция кәріз құдығынан табылған жүзіктің иесін іздеп жүр
Sputnik

АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Нью-Йорк полициясы сүйіктісіне ұсыныс жасаған кезде кәріз құдығына жүзікті түсіріп алған ер адамды іздеп жатыр. Бұл туралы New York Police Department ресми Twitter парақшасында хабарланған.

"Таймс-скверде қалыңдығының жүзігін түсіріп алған адамды іздеп жатырмыз! Ол "иә" деп жауап берді, жігіттің қатты қуанғаны сонша жүзікті кәрізге түсіріп алды", — деп хабарлайды полицейлер.

​Олар асыл бұйымды тазалап, бақытты жұпқа қайтарып бергісі келеді.

Бұл жайт желі қолданушыларының назарынан тыс қалмады.

Ел естімеген оқиға: Қалыңдық үйлену тойында жігітін масқаралады

"Енді олардың әрбір ұрыс-керісі мына сөздермен аяқталады: "Тым құрығанда мен жүзігіңді кәріз құдығына құлатқан жоқпын", — деп қалжыңдайды @jimreittinger.

"Бұл ең өкінішті әрі ең күлкілі үйлену туралы ұсыныс. Әлі-ақ немерелеріне айтып отырады", — деп жазады @RaychelTania.

"Жіпке тағып қою керек еді", — деп келемеждеді @HerbSpeaks.