АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Нью-Йорк полициясы сүйіктісіне ұсыныс жасаған кезде кәріз құдығына жүзікті түсіріп алған ер адамды іздеп жатыр. Бұл туралы New York Police Department ресми Twitter парақшасында хабарланған.
"Таймс-скверде қалыңдығының жүзігін түсіріп алған адамды іздеп жатырмыз! Ол "иә" деп жауап берді, жігіттің қатты қуанғаны сонша жүзікті кәрізге түсіріп алды", — деп хабарлайды полицейлер.
Here’s a photo of the ring our officers recovered (and cleaned!) Call 1-800-577-TIPS or DM @NYPDTips if you know the happy couple so we can return it to them! pic.twitter.com/hzFXxuMVJW
— NYPD NEWS (@NYPDnews) 1 декабря 2018 г.
Бұл жайт желі қолданушыларының назарынан тыс қалмады.
"Енді олардың әрбір ұрыс-керісі мына сөздермен аяқталады: "Тым құрығанда мен жүзігіңді кәріз құдығына құлатқан жоқпын", — деп қалжыңдайды @jimreittinger.
"Бұл ең өкінішті әрі ең күлкілі үйлену туралы ұсыныс. Әлі-ақ немерелеріне айтып отырады", — деп жазады @RaychelTania.
"Жіпке тағып қою керек еді", — деп келемеждеді @HerbSpeaks.