Өңірлер

Семейлік полицейдің әрекеті жұрттың ашуына тиді

Ішімдікке сылқия тойып алған полиция бөлімінің бастығы дәрігерлерді ұрып-соқты
Sputnik

АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Полицей "жедел жәрдем" шақырып, дәрігерлерге жұдырық ала жүгірді.

Астанада мас полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті

Семей қаласы желілік полиция бөлімінің бастығы дәмханада ішімдік ішіп, денсаулығы нашарлап кеткен соң "жедел жәрдем" шақырған. Алайда ол ауруханаға алып келген дәрігерлер бригадасына алғыс айтудың орнына ашуланып кетіп, оларды соққыға жыққан, деп хабарлады "Еуразия" бірінші арнасы.  

Семейлік жанжалқой полицей қызметінен шеттетілді. Алайда дәрігерлерге қол көтергені үшін қандай жаза қолданылатыны әзірге белгісіз. 

"Көліктегі полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы Семей стансасындағы желілік полиция бөлімінің бастығына қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр, ол тергеу кезеңінде атқарып отырған қызметінен шеттетілді", — деп жазылған ҚР ІІМ ресми жауабында.