Әлем

Мас дәрігер толғағы қысқан әйел мен іштегі сәбиін өлтіріп алды

Хирург толғағы келген әйелге мас күйінде ота жасаған
Sputnik

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Үндістанның Гуджарат штатында дәрігер науқасқа мас күйінде ота жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы AsiaOne хабарлайды.

Жүктілік мерзімін дұрыс анықтамаған дәрігер екі жылға сотталды

22 жастағы жүкті келіншектің толғағы басталып, ауруханаға алып барған. Оған кесар тілігін жасау керек болыпты. Операциядан кейін туыстарына сәбидің шетінеп кеткенін хабарлаған, ал жас босанған әйелдің қаны тоқтамай қояды. Оны жеке емханаға жібереді, бірақ әйел жолда көз жұмыпты.

Кесар тілігін 15 жылдық тәжірибесі бар білікті дәрігер жасаған. Науқастың өлімінен кейін туыстары жанжал шығара ма деп қорқып полиция шақырыпты. Оқиға орнына келген полиция оның мас екенін анықтап, қамауға алады.

Тергеу ісі басталып кетті, енді келіншек пен оның жаңа туған қызы дәрігердің кесірінен қаза тапты ма, әлде басқа бір себеп болды ма анықталмақ.