ҚЫЗЫЛОРДА, 29 қараша — Sputnik. Байқоңыр қаласында сәбидің өліміне себепші болған гинеколог дәрігердің ісі қаралып, оған үкім шықты.
Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс материалдарына сәйкес, акушер-гинеколог маман ретінде өзінің кәсіби жұмысын дұрыс жасамағаны үшін жаңа туған сәби шетінеп кеткен.
"Емдеуші дәрігер әйелдің жүктілік мерзімін дұрыс анықтамаған", — деді сот сарапшысы.
Дәрігерді бас бостандығынан айырылды.
"Сот әйелді ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлігі бойынша (Медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы — Sputnik) кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады", — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, үкімде әйелдің екі жыл бойы акушер-гинеколог болып жұмыс істей алмайтыны туралы жазылған. Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігінің негізінде, әйелдің жазасын өтеу мерзімі бес жылға кейінге қалдырылды.