АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Жедел қызметкерлер шалғайдағы ауылда заңнан қашып, тығылып жүрген ер адамды ұстады.
Биыл көктемде 2015 жылы 4 жылға бас бостандығы шектелген Қарағанды облысының 32 жастағы тұрғыны аяқ асты жоғалып кетеді. Сот оған іздеу салып, жарты жыл бойы құқық қорғаушылар қылмыскердің ізіне түсе алмай қойған.
Ер адамның Жезқазған қаласынан 250 шақырым жердегі "Оразалы" қыстағында жасырынып жүргені туралы тәртіп сақшылары жақында ғана біліпті. Қашқыннан тағы айырылып қалмас үшін, сол күні қолға түсіруге шешім қабылданды.
"Алай-түлей боранға қарамастан, пробация қызметі мен криминалдық полиция өкілдері шалғайдағы қыстаққа жетіп, сотталған азаматты ұстады", — деп хабарлады ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Түнгі клуб алдында екі қызды қағып кеткен байдың баласы ұсталды
Қазіргі уақытта жазасын өтеуден қашқан қылмыскер уақытша ұстау абақтысында отыр. Қалған жаза мерзімін темір тордың ар жағында өткізуі ықтимал.