Саясат

Назарбаев Конституциялық заңға түзетулер енгізуге бастамашы болды

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің сот жүйесін жаңғырту үшін өзінің заңнамалық бастама көтеру құқығын пайдаланды
Sputnik

АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев судьялар туралы заңға түзетулерді мәжіліске енгізді.   

Назарбаев пен бас прокурор Ақордада не айтты – видео

Мемлекет басшысы Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес парламент мәжілісінің қарауына "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобаларын енгізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Заң жобалары Қазақстан Республикасы президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыруға, сот жүйесін жаңғыртуға, сот кадрларын жаңартуға және Жоғары сот кеңесін институционалдық тұрғыдан нығайтуға бағытталған түзетулерді қамтиды.