АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Ақордада бас прокурор Қайрат Қожамжаровты қабылдаған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сот органдары мен мен полицияны реформалау туралы айтты. Видеоның үзіндісі Ақорданың фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кездесуде бас прокурор елімізде қылмыстың жалпы деңгейі өткен жылға қарағанда 10 процентке төмендегенін атап өтті.
Абай ауылында үш жыл бойы зорланған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарын реформалау жұмысы жалғасатынын айтты.
Дәрігерлер 14 жастағы қыздың кеудесінде өсіп жатқан аяқ-қолды кесіп тастамақ
"Біз азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтау үшін заңға көптеген өзгеріс енгіздік, шешімдер қабылдадық. Түрмеге қамау 30 процентке азайды. Алға қойылған міндеттер өте күрделі. Органдарды реформалау бойынша жұмысты жалғастырамыз, соның ішінде сот органдарында қаншама іс бар, ал полицияда одан көп. Бұл бағытта Бас прокуратура негізгі рөл ойнайды", —деді Назарбаев.