Өңірлер

Ертең ауа райы қандай болады?

Синоптиктер хабарлағандай, 29 қарашада елімізде жауын-шашын мол түсіп, жел ұйытқиды, ал солтүстік өңірлерде боран соғады
Sputnik

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Қазақстан аумағына әсер ететін белсенді атмосфералық фронттардың салдарынан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын түседі, кей өңірлерде мол жауады, жел ұйытқып, солтүстік аймақтарда боран соғады.

Өңірлерде ауа райы қандай болады?

Ақмола және Павлодар облыстарында, синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 25-30 м/с жетеді, боран соғып, көктайғақ болады. Ақмола облысында ауа температурасы минус 4-6 градус, Павлодар облысында 0, —2 градус, көктайғақ болуы мүмкін.

Синоптиктер ауа райы күрт суытатынын айтты

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райы желді болады. Мұнда желдің екпіні 15-20, кей жерде 23 м/с, кей жерде боран, көктайғақ және тұман. Қостанайда ауа температурасы минус 1-3 градус, қар жауады. Петропавлда сынап бағанасы минус 2-4 градусты көрсетеді, мұнда да қар жауады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде боран, тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20м/с, Қарағандыда күндіз ауа температурасы 5 градусқа дейін жылынады, жаңбыр жаууы ықтимал. Өскеменде де ауа температурасы плюс 5 градус, оқтын-оқтын жауын-шашын түседі – қар аралас жаңбыр.

Түркістан облысында түнде және Алматы облысында кей жерде тұман түседі. Ауа температурасы Түркістанда +10, Талдықорғанда +7 градус.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарында кей жерде – тұман, желдің екпіні 15-20м/с. Таразда 14 градус жылы болады. Қызылордада +10, Атырауда +5, Ақтау – 0 градус шамасында.

Батыс Қазақстан облысында кей жерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с. Оралда ауа райы көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын қар жауады, сынап бағасы минус 7 градусты көрсетеді.

Ақтөбе облысында кей жерде көктайғақ, төменнен соққан боран, желдің екпіні 15-20 м/с. Облыс орталығы Ақтөбеде күндіз ауа температурасы +2 градус болады, көшпелі бұлтты, кей жерде қар аралас жаңбыр жауады.

Ірі қалаларда ауа райы қандай болады?

Астана: түнде —7 градус, күндіз +1, ауа райы бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады

Алматы: түнде +3, күндіз +9 градус, көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр себелейді

Шымкент: түнде +2, күндіз +13 градус, күн жайма шуақ, жауын-шашын болмайды